«Өркениет» дебат клубының ұйымдастыруымен «31-мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» қарсаңында пікірталас турниры өткізілді. Сайыс барысы Британдық парламентті форматта ұйымдастырылып, «КСРО зұлым мақсатты, тоталитаризмдік одақ деп есептейді» тақырыбында қарастырылды. 31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық туралы жүйелі ойларын ортаға салып, жақсы әсер қалдырға студенттерге арнайы алғыс хаттар табысталды














